ВСТРЕЧА С БУДУЩИМИ ИЗБИРАТЕЛЯМИ

Опубликовано:

Автор:

в категории
«Дүниежүзілік сайлау күні» іс-шаралары аясында Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен «Жас сайлаушылар клубы» мүшелерінің ұйымдастыруымен Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Сайлау Ел болашағы» тақырыбында кездесу және бірлескен ҚАЗАҚША QUIZ энтеллектуалдық ойыны өткізілді. Шара мақсаты тұлға ретінде ортада белсенді болуға, өз ойын, таңдауын білдіруге бағыттау. Ортаға тез бейімделуге дағдыландыру.
Кездесу барысында оқушылар сайлаудың маңызы, азаматтық жауапкершілік, дауыс беру мәдениеті тақырыптары бойынша пікір алмасып, дәлелдер келтірді. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын нақты әрі мәдениетті түрде жеткізе білді. Сабақ барысында Қазақстанның Тәуелсіздік тарихы, еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен даму бағыттары, азаматтық жауапкершілік пен дауыс берудің маңыздылығы туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/1156646?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version