Дүниежүзілік сайлау күніне орай Шыңғырлау жастар ресурстық орталығы және «Жас сайлаушылар клубының» ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚША QUIZ» ұйымдастырылды. Аталған шараға учаскелік сайлау комиссиялары, «Жас сайлаушылар клубы », аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері және Шыңғырлау Колледжі студенттері қатысты.
QUIZ дің басты мақсаты – қатысушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, сайлау процесі туралы білімдерін кеңейту және құқықтық сауаттылықты қалыптастыру. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Осындай мазмұнды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/1156649?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ