Түпқараған ауданы полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Туребаев Бекзат Далихұлының қатысуымен Ақшұқыр және Сайын ауылдарының шаруа қожалық иелерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірнеше өзекті мәселе талқыланды. Атап айтқанда:
-
жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
-
жол бойында қараусыз жүрген малдардың салдарынан туындайтын апаттар мен жағдайлардың алдын алу мәселесі көтерілді;
-
мал ұрлығы, жануарларды заңсыз өткізу және тіркеусіз ұстау сияқты құқық бұзушылықтарға қарсы алдын алу шаралары талқыланды;
-
ауылдық жерлерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша полиция қызметінің атқаратын жұмыстары туралы ақпарат берілді.
Шаруа қожалық иелеріне қауіпсіздік талаптарын сақтау, малдарды белгіленген орындарда ұстау, қора-қопсыны күшейту, ауылдық жерлерде күдікті тұлғаларды байқаса полицияға хабарлау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, тұрғындардан түсетін өтініш-шағымдарды жедел түрде қарау және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысында тараптар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
https://www.instagram.com/tupkaragan_polisia_bolimi/reel/DUVgcKCgutu/
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1155995?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ