Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері мен №416 УСК мүшелерінің ұйымдастырумен Дүниежүзілік сайлау күніне орай болашақ жас сайлаушылардан «Біз болашақ сайлаушылармыз» тақырыбында эссе алынды.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде өткен шара барысында комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы, комиссияның қызметі, сайлау науқандарын немқұрайлы қарамауға, өз таңдауын жасай білуге, сонымен қатар елдің болашағын құру жауапкершілігін сезіну керектігі, әрбір дауыстың маңыздығы туралы айтты. Жиынға қатысушылардың пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауаптар берілді .
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтудің мақсаты – еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1155963?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version