«Сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету» бағытында бірлескен шара өтті
Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында «Сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органмен бірлескен іс-шара өткізілді.
Жиын барысында дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар санатына жататын сайлаушылардың сайлау учаскелеріне кедергісіз кіріп-шығуын және өз дауысын еркін беруін қамтамасыз ету үшін талапқа сай жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қала аумағында жаңадан ашылған сайлау учаскелерін қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлау учаскелері орналасқан ғимараттардың жай-күйін реттеу бағытында жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1156423?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ