
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Чапаев ауылындағы №10, №11, №12 округтік сайлау комиссияларының төрағалары білім беру бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – Дүниежүзілік сайлау күнінің маңызын түсіндіру, сайлау процесіндегі ашықтық, алқалылық пен кәсібилік қағидаттарын, заңдылықты насихаттау, сондай-ақ азаматтардың, оның ішінде білім саласы қызметкерлерінің сайлау жүйесіне қатысты құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Шара барысында №10 округтік сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекмулдин Дүниежүзілік сайлау күні туралы кеңінен ақпарат беріп, бұл күннің әр азаматтың дауыс беру құқығын пайдалану маңыздылығын көрсетуге бағытталғанын атап өтті. Ол сайлау – демократиялық қоғамның негізгі тіректерінің бірі екенін айтып, азаматтық белсенділікпен қатар, сайлау процесінде алқалы шешім қабылдау мен кәсіби жұмыс жүргізудің маңызына тоқталды.
Ал №11 округтік сайлау комиссиясының төрағасы Максим Үмбеталиев өз сөзінде сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығы, сайлау комиссияларының атқаратын жұмысы, дауыс беру тәртібі және сайлаушылардың құқықтары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ол білім беру саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, жастарға сайлау мәдениетін қалыптастыруда ұстаздардың ықпалы зор екенін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, сайлау жүйесіне қатысты сұрақтарына нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер азаматтардың сайлау процесіне деген сенімін арттырып, қоғамдағы демократиялық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1156691?lang=kk

Добавить комментарий