ҚОЛЖЕТІМДІ САЙЛАУ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – МІНДЕТ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Дауыс берудің қолжетімділігін қалай арттыруға болады? Осы өзекті мәселе Дүниежүзілік сайлау күніне орай                                                                С. Сейітов атындағы кітапханада өткен кездесуде жан-жақты талқыланды.

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мен Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірлесіп, барша азаматтар үшін қолжетімді сайлау ортасын қалыптастыру мақсатында кездесу өткізді. Шараның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау процесінің қолжетімділігін арттыру, олардың құқықтық сауаттылығын көтеру және сайлауға қатысуда тең мүмкіндік қамтамасыз ету.

Кездесуге аудандық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшелері және мүгедектігі бар азаматтар қатысты.

Іс-шараны Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ербол Мангуров ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде сайлауға қатысу әрбір азаматтың конституциялық құқығы екенін атап өтіп, мүгедектігі бар азаматтарға сайлау процесін барынша қолжетімді ету комиссия жұмысының басым бағыттарының бірі екенін айтты.

«Барлық азаматтардың тең мүмкіндігі болуы – біздің басты міндетіміз», – деді ол.

Кездесу барысында Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Светлана Пазылханқызы мен Айзада Болатқызы мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары, қызметтерге қолжетімділік және оларды алу тәртібі туралы кеңінен түсіндіріп, ақпараттық жадынамалар таратты.

Сонымен қатар аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Әсем Нұрланқызы сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы жабдықтар, пандустар, тактильді белгілер, дауыс беру кабиналары және ақпараттың қолжетімді форматтары туралы слайд-презентация арқылы мәлімет берді.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, сайлау учаскелерінде қолжетімділікті арттыру, қажетті жағдайлар жасау және ақпараттың ашық әрі түсінікті болуын қамтамасыз ету бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1156662?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version