ПОЗДРАВИЛИ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ ВЫШЕДШИХ НА ПЕНСИЮ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін аудан әкімдігінде зейнет жасына шыққан медицина қызметкерлері қабылданып, олардың ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбегі мен ауданның дамуына қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдірілді.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Айбек Исламбек еңбек жолында жауапкершілік пен кәсібиліктің жоғары үлгісін көрсеткен ардақты азаматтардың қызметі әрдайым құрметке лайық екенін атап өтті. Сондай-ақ абзал жандардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі болатынын жеткізді.
Өз кезегінде зейнет жасына шыққан медицина қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хаттары мен естелік сый-сияпаттар табысталды.
Құттықталғандар қатарында Алмаз фельдшерлік-акушерлік пунктінің медбикесі Алтынай Сартова, Шыңғырлау аудандық ауруханасының терапевтік бөлімінің аға медбикесі Гүлнар Масғұтова, сондай-ақ Шыңғырлау аудандық ауруханасының медбикелері Гүлнәр Шашкеева мен Асима Канафина бар.
Алтынай Мұхамбетқалиқызы 1965 жылдың 2 ақпанында Шыңғырлау ауданына қарасты Сегізсай ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Орал медициналық училищесін тәмамдап, сол жылы Шыңғырлау аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімінде еңбек жолын бастайды. 1987 жылдан бері Алмаз фельдшерлік-акушерлік пунктінде медбике болып қызмет атқарып келеді.
Гүлнар Шайдайқызы 1965 жылдың 29 қаңтарында Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Орал медициналық училищесін аяқтап, еңбек жолын Хобда аудандық орталық ауруханасында бастайды. 1987 жылдан бастап Шыңғырлау аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде медбике болып қызмет етіп, кейін Қызғалдақ балабақшасында еңбек етеді. Қазіргі таңда Шыңғырлау аудандық ауруханасының терапевтік бөлімінде аға медбике қызметін атқарып келеді.
Гүлнәр Төтебайқызы 1964 жылдың 15 желтоқсанында Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Орал медициналық училищесін аяқтап, сол жылдан бастап Шыңғырлау аудандық ауруханасында медбике болып қызмет атқарған.
Асима Қабиболлақызы 1965 жылдың 25 қаңтарында Шыңғырлау ауданына қарасты Қарағаш ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Орал медициналық колледжін бітіріп, 1985 жылдан бері Шыңғырлау аудандық ауруханасында медбике болып абыройлы еңбек етіп келеді.
Қабылдау соңында аудан әкімі зейнет жасына шыққан ақ халаттыларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/1156338?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *