
✍🏻Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
🚩 Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мамадияров және Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Жанаева мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі келісімге қол қойды.
🗃Өзара ынтымақтастық келісімі аясында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарына қатысты өзекті мәселелер бойынша ортақ тәсілдер, кездесулер мен бірлескен кеңестер өткізіліп, бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1156705?lang=kk

Добавить комментарий