Инклюзивтілік бағытында арнайы кездесу өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Инклюзивтілік бағытында арнайы кездесу өтті

2026 жылғы 5 ақпанда аталып өтетін Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарының Инклюзивтілік тармағына сәйкес арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өтіп, оған қаланың әлеуметтік сала мамандары қатысты. Кездесу «Мүгедектігі бар адамдардың саяси құқықтарын қамтамасыз ету қағидалары» тақырыбында өткізілді.

Шара барысында негізгі назар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 20 ақпанда ратификациялаған, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 13 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының 29-бабында көзделген қағидаларға аударылды.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау науқаны кезеңіндегі құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері, сайлау комиссиялары орналасқан ғимараттардың қолжетімділігі, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың сайлау және сайлану құқықтары туралы кең көлемде ақпарат берілді.

Кездесу соңында қатысушылар арасында тақырыпқа сәйкес сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1156420?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version