Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар қорытындыланды
Бүгін Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шараларды қорытындылау мақсатында Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Дүниежүзілік сайлау күні аясында ұйымдастырылған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық қағидаттары – «Заң үстемдігі», «Тәуелсіздік», «Ашықтық», «Инклюзивтілік», «Кәсібилік пен алқалылық» принциптерімен үйлестіріле жүзеге асырылды.
Іс-шараларды ұйымдастыру барысында негізгі басымдық тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыруға, сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сайлаушылардың электоральдық белсенділігін арттыруға, сондай-ақ жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген саналы көзқарасты қалыптастыруға берілді.
Аталған бағыттар шеңберінде жоспарланған семинар-сабақтар мен дәрістер, қалалық сайлау комиссиясында өткізілген «Ашық есік күні», қалалық орталық кітапханамен бірлесіп ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – ең басты құндылық» атты кітап көрмесі, сондай-ақ Жас сайлаушылар клубымен, жергілікті атқарушы органмен және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлескен тағылымды іс-шаралар тиісті деңгейде өткізілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1156435?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ