Депутаты провели прием граждан

Опубликовано:

Автор:

в категории
2026 жылдың 2-6 ақпан аралығында азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары И.Басықараев, М.Әбдіқалықов, Т.Мақаш, М.Бисенова, Р.Ізтілеуов қабылдаулар өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты және тағы басқа да мәселелер көтерілді.
-Жаппасбай батыр көшесі №1 көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын спорт алаңын салу;
– Н.Назарбаев және Тәуелсіздік даңғылдары аралығын жалғастыратын Сыр Самалы көшесі бойымен қоғамдық көлік жүргізу;
– М.Шоқай көшесінің А.Айдосов көшесі мен «Тургай-Петролеум» АҚ теңгеріміндегі темір жол өткеліне дейінгі аралыққа жаяу жүргіншілер жолын салу.
– Үй алу мәселесі;
– Қаржылай көмек;
Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, депутаттар тарапынан түсіндірмелер берілді. Көтерілген мәселелер бойынша құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, шешілуі бағытында жұмыс жасалатындығы жеткізілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1156695?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version