Алматы облысы бойынша,Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің, азаматтарды қабылдау нәтижелері бойынша

Опубликовано:

Автор:

в категории

Күні: 04.02.2026 ж.

Өткізілген орны: Алматы облысы ,Іле ауданы

Қабылдауды жүргізген: Ахметова Айгуль  Матановна – Алматы облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Департаментінің басшысы

  

Басшының жеке қабылдауының қорытындысы:

 

Аты-жөні

Мекен-жайы

 

ЖСН

Сұрақ

Жауап

1

Жамалбек Бубугул

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

Жобаланған көш., 15-үй

801014403106

Еңбек ақы төлену тәртібі жөнінде

ҚР Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы ҚР ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына кемінде бір рет төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Егер төлем күні демалыс немесе мереке күндеріне сәйкес келсе, төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

 

2

Алпысова Жибек Кенжебаевна

Алматы облысы, Өтеген батыр кенті, Гагарин көш., 4-үй

900209402275

Enbek.kz ақпараттық жүйесіне электрондық еңбек шарттарын енгізу тәртібі

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне сәйкес жұмыс беруші Enbek.kz порталында жұмыскермен жасалған еңбек

шартын электрондық форматта енгізуге міндетті.

 

3

Куатбаева Каршыга Алтынбаевна

Алматы облысы, Водник-1 елді мекені,

Байсеитова көш.,

29-үй, 43-пәтер

901001400449

Ұжымдық шарттарды цифрландыру

Ұжымдық шарттарды цифрландыру және оларды Enbek.kz порталына енгізу еңбек қатынастарын ашық әрі жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді. Электрондық форматта тіркеу, сақтау және жаңарту қамтамасыз етіледі.

 

4

Шульга Александр Анатольевич

Алматы облысы,

Іле ауданы,

 Қараой ауылы, Ж. Уәлиев көш., 19-үй

630201301527

Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасау

Жұмыс берушінің қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасауы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

5

Асылбекова Гульжамила Яхметкалиевна

Алматы облысы, Өтеген батыр кенті, Титова көш.,

17-үй, 20-пәтер

771104402842

Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу

Бірыңғай цифрлық платформа еңбек қатынастары саласындағы процестерді автоматтандыруға, деректерді орталықтандыруға және мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 Қорытынды:

Азаматтардың барлық сұрақтарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес толық түсіндірме берілді.

Қаулы етті:

  1. Азаматтардың өтініштері мен сұрақтары назарға алынсын.
  2. Берілген түсіндірмелер бақылауда ұсталсын.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbek/press/news/details/1156118?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version