Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне сұхбат берд
Kazinform агенттігі оқырман назарына сұхбаттың толық мәтінін ұсынады.
– Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынасқа, әсіресе, сауда-инвестициялық ынтымақтастыққа қандай баға бересіз? Нақтырақ айтқанда не күтесіз? Келешегі қандай?
– Қазақстан Пәкістанды достас ел және халықаралық қоғамдастықта беделі биік стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. 1992 жылы дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері ортақ мүддемізге сай келетін бірқатар мәселе мен жобалар бойынша табысты әрекет етіп келеміз. Мемлекеттеріміз ШЫҰ, ИЫҰ, АӨСШК секілді маңызды халықаралық ұйымдар аясында тығыз әрі жемісті ықпалдастықты жолға қойды. Осылайша, біз жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ орнықты дамуға үлес қосамыз. Пәкістанға алғашқы мемлекеттік сапарым серіктестік көкжиегін кеңейтіп, өзара байланыс тарихының жаңа кезеңіне бастау болады. Сапар барысында қол қойылған 60-тан астам үкіметаралық және іскерлік келісім екіжақты ынтымақтастыққа зор серпін берері сөзсіз. Көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен өндіріс, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да секторлар экономикалық ынтымақтастығымыздың басым бағыттары саналады. Мен екі елдің компаниялары бірлескен кәсіпорындар құрып, тиімді жобаларды жүзеге асыра алады деп ойлаймын. Оған мүмкіндік мол. Біз өзара сауда-саттығымызды кеңейтуге ерекше назар аударып отырмыз.
Толығырақ https://ortcom.kz/kk/novosti/1770286872 сайтында.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1155912?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ