
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ
Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова айтты.
«Биыл қызылша ауруына байланысты 40 жағдай тіркеліп, оның 17-сі зертханалық жолмен расталды. Қызылшаға байланысты күдікті науқастар анықталған жағдайда аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына шұғыл хабарлама жолданады. Бұдан кейін эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар жүргізіліп, вирусологиялық зерттеу нәтижелеріне сәйкес есепке алынады. Сонымен қатар, науқастың тұрған жерінде шұғыл эпидемияға қарсы жұмыстар ұйымдастырылып, байланыста болған адамдарға 72 сағат ішінде қызылшаға қарсы вакцина егіледі. Өткен жылы жоспарлы профилактикалық екпе аясында 1 жастағы балалардың 97,5%-ы қызылшаға қарсы «ККП1» екпесі егілді. Ал 6 жастағы балалардың 96,2%-на «ККП2» екпесі салынды. Қызылша ауруының алдын алудың ең тиімді жолы – епке алу. Дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, бөртпе сияқты алғашқы белгілер байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет»,- деді спикер.
Ақерке Мақұлбекқызының сөзінше, қызылшамен ауыратындардың басым бөлігі балалар. Аурудың эпидемиялық маусымы негізінен күз және көктем айларында күшейеді. Қызылша ауа-тамшы жолымен жұғатын, адамнан адамға өте тез таралатын жұқпалы ауру. Ауру белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін суық тиюге ұқсас белгілермен басталып, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу байқалады. Бөртпелер әдетте 3-5 күн ішінде пайда болады. Қызылша асқынған жағдайда бронхопневмонияға, лимфа түйіндерінің қабынуына, тамақ ауруларының асқынуына, сондай-ақ мидың қабынуына әкелуі мүмкін. Аурудың ауыр түрлері мен асқынулары көбінесе ересектерде және қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларда кездеседі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УСИЛЕНЫ МЕРЫ ПРОТИВ КОРИ
Об этом на брифинге сообщила заместитель руководителя областного департамента санитарно-эпидемиологического контроля Акерке Еркинбекова.
“В этом году зарегистрировано 40 случаев заболевания корью, 17 из которых подтверждены лабораторным способом. В случае выявления больных с подозрением на корь в районные управления санитарно-эпидемиологического контроля направляется экстренное уведомление. Далее проводятся комплексные противоэпидемические мероприятия и учитываются в соответствии с результатами вирусологического исследования. Кроме того, по месту нахождения больного организуются экстренные противоэпидемические работы, контактные лица вакцинируются против кори в течение 72 часов. В прошлом году в рамках плановой профилактической вакцинации 97,5% детей в возрасте 1 года были вакцинированы против кори «ККП1». А 96,2% детей 6 лет были вакцинированы «ККП2». Самый эффективный способ предотвратить корь – это быть привитым. При появлении первых симптомов, таких как лихорадка, головная боль, слабость, сыпь, необходимо немедленно обратиться за медицинской помощью”, – сказал спикер.
По словам Акерке Макулбековны, большая часть больных корью – дети. Эпидемический сезон болезни усиливается в основном в осенние и весенние месяцы. Корь – это инфекционное заболевание, передающееся воздушно-капельным путем, которое очень быстро передается от человека к человеку. Симптомы начинаются с симптомов, похожих на простуду, после контакта с пациентом, и сопровождаются лихорадкой, слабостью, головными болями, кашлем, насморком. Сыпь обычно появляется в течение 3-5 дней. В случае обострения кори может привести к бронхопневмонии, воспалению лимфатических узлов, осложнениям заболеваний горла, а также воспалению головного мозга. Тяжелые формы и осложнения заболевания чаще всего встречаются у взрослых и детей, не вакцинированных против кори.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1155669?lang=kk

Добавить комментарий