Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округінде көктемгі егін егу науқаны басталды. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында жергілікті шаруалар дала жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Егін егу жұмыстарын алғашқылардың бірі болып Қабланбек ауылдық округіндегі шаруа қожалығының басшысы Қалдан Мұсабеков қолға алды. Шаруашылық иесі биылғы жылы 5 гектар жерге “Аризона” картобын, сондай-ақ 5 гектар алқапқа сәбіз егіп отыр.
Аталған дақылдардан мол өнім алу жоспарланып, алдағы уақытта жергілікті нарықты сапалы өнімдерімен қамту көзделген. Көктемгі дала жұмыстары аудан бойынша кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В САРЫАГАШСКОМ РАЙОНЕ СТАРТОВАЛА ПОСЕВНАЯ КАМПАНИЯ
В сельском округе Кабланбек Сарыагашского района стартовала весенняя посевная кампания. В целях развития отрасли сельского хозяйства местные крестьяне интенсивно проводят полевые работы.
Посев был начат одним из первых главой крестьянского хозяйства Кабланбекского сельского округа Калданом Мусабековым. Крестьянин в этом году засеял картофель “Аризона” на 5 гектарах, а также морковь на 5 гектарах.
Он планирует получить богатый урожай данных культур и в дальнейшем охватить местный рынок качественной продукцией. Весенне-полевые работы будут продолжены поэтапно по району.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1155670?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version