Жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгерістер әкелуде
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында елімізде электр энергетикасының жүйелі дамуын қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық сенімділіктің жаңа деңгейіне көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазіргі уақытта қабылданып жатқан шаралар белгіленген қуатты арттыруға, жаңа генерацияны жаңғырту және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске қосуға, сондай-ақ сенімділік пен энергетикалық қауіпсіздікті арттыратын тұрақты инвестициялық тетікті қалыптастыруға бағытталған.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2027 жылы ел электр энергиясына деген ішкі қажеттілікті толығымен жабады, ал 2029 жылға қарай тұрақты профицитке қол жеткізеді.
Энергетика жүйесінің қазіргі көрінісі
Жаңадан іске қосылған нысандарды ескере отырып, Қазақстанның энергожүйесі қазіргі уақытта 241 энергия көзін қамтиды, оның 162-сі – жаңартылатын энергия көздері.
ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жүзеге асырылып жатқан жобалар экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін ортамерзімді перспективада қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Министрлік 2027 жылға қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік беретін бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. 2029 жылға қарай тұрақты профицитке шығу жоспарланып отыр. Президенттің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта көмір генерациясын дамыту жобасы әзірленіп жатыр, басымдық таза көмір технологияларына беріледі. Жоспарда Курчатов қаласында жаңа станция мен Екібастұзда МАЭС-3 салу қарастырылған. Сонымен қатар қолданыстағы инфрақұрылымдар ретке келтіріледі. Сондай-ақ 2026 жылы 2,6 мың МВт-тан астам жаңа қуат іске қосылады деп күтілуде. Барлық жұмыс бір мақсатқа, еліміздің бүкіл энергожүйесінің сенімділігін, тиімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған», — деп атап өтті ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1155405?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ