ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ 1667,0 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір экономикасын әртараптандырып, жұмыс орындарын ашуға, кіріс көздерін ұлғайтуға күш салынған. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 3 585,8 млрд теңгені, нақы көлем индексі 110,1%-ды құрады.
Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 1 667,0 мың теңгеге жетті. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша өңірде жалпы өңірлік өнім құрылымында басым бағыттар айқындалды. Олар: ауыл, орман және балық шаруашылығы – 495,3 млрд теңге, өнеркәсіп – 567,6 млрд теңге, көтерме және бөлшек сауда – 195,8 млрд теңге, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 417,3 млрд теңге, көлік және қойма шаруашылығы – 334,9 млрд теңге, білім – 545,2 млрд теңге және құрылыс – 306,7 млрд теңге.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2025 жылғы қараша айына 113,9%-ды құрап, экономикалық өсімнің артқандығын көрсетеді. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 596,0 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда нақты көлем индексі – 113,8%. Тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 715,7 млрд теңгені немесе НКИ 113,8%-ды құрады. Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі 114,7% деңгейінде қалыптасып, өнім көлемі 770,7 млрд теңгені құрады.
Добавить комментарий Отменить ответ