Рейд «Стоп наркотики» в Медеуском районе

Опубликовано:

Автор:

в категории

🔹 Медеу ауданында «Есірткіге жол жоқ» рейді өтті

4 ақпан күні Медеу ауданы әкімдігі аудандық прокуратура және полиция басқармасымен бірлесіп, республикалық «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Есірткіге жол жоқ» профилактикалық рейді өтті.

Рейд барысында аудан аумағында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау фактілерін анықтау және жою мақсатында мониторинг жүргізілді. Ерекше назар аулаларға, тұрғын үйлердің кіреберістеріне, жерасты өткелдеріне, аялдама павильондарына және басқа да қоғамдық орындарға аударылды.

📊 Рейд қорытындысы бойынша:
– учаскелік инспекторлардың 13 экипажы жұмылдырылды;
– 50-ден астам есірткіге қатысты граффити өшірілді;
– есірткінің алдын алу және оның заңсыз айналымының құқықтық салдары туралы ақпараттық материалдар таратылды;
– Медеу ауданының әртүрлі аумақтары қамтылды.

Аталған акцияға Медеу ауданының жастар комьюнити-орталығының еріктілері, медициналық колледж студенттері, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері қатысты. Мемлекеттік органдар мен жастардың бірлескен жұмысы есірткі жарнамасының таралуына тиімді түрде қарсы тұруға және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Медеу ауданының әкімдігі тұрғындарды бейжай қалмауға шақырады. Есірткіге қатысты граффити немесе күмәнді хабарландырулар анықталған жағдайда 102 нөмірі арқылы полицияға хабарлауды сұраймыз.
————————————————
🔹 Рейд «Стоп наркотики» в Медеуском районе

4 февраля в Медеуском районе состоялся профилактический рейд «Стоп наркотики», организованный акиматом Медеуского района совместно с прокуратурой и управлением полиции района в рамках республиканской идеологемы «Закон и Порядок».

В ходе рейда проведён мониторинг территории района с целью выявления и устранения незаконной рекламы наркотических средств и психотропных веществ. Особое внимание уделено дворовым территориям, подъездам жилых домов, подземным переходам, остановочным павильонам и другим общественным пространствам.

📊 По итогам рейда:
– задействовано 13 экипажей участковых инспекторов;
– закрашено более 50 наркограффити;
– распространены информационные материалы о профилактике наркомании и правовых последствиях незаконного оборота наркотиков;
– обеспечен охват различных участков Медеуского района.

К акции присоединились волонтёры молодежного комьюнити-центра Медеуского района, студенты медицинского колледжа и КазНПУ имени Абая. Совместная работа государственных органов и молодежи позволяет эффективно противодействовать распространению наркорекламы и формировать ответственное отношение к вопросам общественной безопасности.

Акимат Медеуского района призывает жителей не оставаться равнодушными. В случае обнаружения наркограффити или подозрительных объявлений просим сообщать в полицию по номеру 102.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-medeu/press/news/details/1155297?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *