Онда “Қазақстан Республикасының жаңа конституциясының жобасы және кешенді реформалар” тақырыбында жаңа конституция жобасының негізгі ережелерін талдау, мемлекеттің неғұрлым әділ, құқықтық және адамға бағдарланған моделіне көшуді көрсететін, сондай-ақ қоғамдық диалог институттарына қатысты және шешім қабылдау үдерістеріндегі азаматтардың рөлін қозғайтын жүйелі реформалар талқыланды.
Сараптамалық кездесу аясында депутаттар, зерттеу институттарының басшылары, заңгерлер мен профессорлар қатысушылармен пікір алмасып, конституциялық өзгерістердің мазмұны мен олардың елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін маңыздылығына тоқталды.
Талдауға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских, Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Ермек Әбдірасұлов, Қолданбалы этноосаяси зерттеулер
институтының директоры Луиза Узарова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қорытынды-аналитикалық сектор меңгерушісі, саяси ғылымдарының кандидаты Дастан Көшербаев, Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев қатысып сөз сөйледі.
Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бейіндік комитеттерінің, ғылыми-зерттеу институттарының, Қосшы қаласы әкімдігінің, құқық қорғау органдары өкілдері мен облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық Кеңес мүшелері, Жастар ресурстық орталықтарының, сараптамалық қоғамдастық өкіллері мен еріктілер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1155650?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ