
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 30 қаңтарда жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында география пәні бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар ауданы Заря жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Қыстаубайұлы Мұстафа І орынға ие болды.
Жеңімпазды құттықтаймыз!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan-bilim/press/news/details/1155418?lang=kk

Добавить комментарий