Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 120 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚТАҒАН
Жетісай ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 267,2 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 83,6 млрд теңгеге артқан. Ал, ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі жыл қорытындысымен 119,4 млрд теңгеге жетсе, өнеркәсіп өнімінің көлемі – 45,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы брифингте Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов мәлімдеді.
«Жетісай ауданында қазіргі таңда 12 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгінде Асықата кентінен 59 гектар аумақта «Жетісай» индустриялық аймағы құрылып, инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылды. Аталған аймақта биыл жалпы құны 45 млрд теңгеден астам 12 инвестициялық жобаның құрылысы жүреді. Аталған жобалардың қатарында жалпы құны 15,3 млрд теңгеге жуық «АГРО СҮТ» ЖШС-ң жылына 3 мың тонна сүт өңдейтін зауыт, құны 13,6 млрд теңгеге «TST JETYSAY TEXTIL» ЖШС-ң жылына 7,5 мың тонна жіп өндіретін фабрика, сондай-ақ жылына 50 мың тонна мақта өңдейтін өндіріс орындары бар. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 2024 жылы 39,5 млрд теңге болса, 2025 жылы ауданға 46,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсім 118,4%-ды құрады», – деді аудан басшысы.
Жалпы аудан экономикасының басым бөлігін ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытында 10 мыңға жуық шаруа қожалық қызмет атқарады. Өткен жылы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Өнім көлемін ұлғайту мақсатында 321 шаруа қожалық иелері 1 500 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырған. Ауданда 783 канал мен 217 қашыртқы егістік алқаптарға су жеткізеді. Өткен жылы ауданда 5 646 гектар аумаққа тамшылатып суғару технологиясы ендірілген.
«Ауданда «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында 3 мектеп салынды. 2024 жылы Асықата кентіндегі 900 орындық, 2025 жылы Ынтымақ ауылдық округіндегі 600 орындық мектептердің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Ал, Жетісай қаласынан 1 500 орындық мектеп құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда 240 тұрғынға баспана табысталды. Бұдан бөлек, жеке инвестор есебінен 32 пәтерлі 2 несиелік тұрғын үйдің (жалпы 64 пәтер) құрылысы аяқталды. Инфрақұрылыммен қамту бойынша ауданда 105 елді мекеннің 92-сі табиғи газ жүйесімен қамтылған (87,6 %). Соңғы үш жылды салыстырғанда елді мекендердің табиғи газбен қамтылуы 34,2%-ға артқан. Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен соңғы 3 жылда ұзындығы 183 шақырымды құрайтын жол орта жөндеуден өтті. Бүгінгі күнге аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 84,4%-ды құрап отыр. Биыл ұзындығы 43,1 шақырымды құрайтын 56 көше орташа жөндеуден өтетін болады. Бүгінде қала, кент және ауылдық округтерге қарасты 105 елді мекен толық орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылған. Аудан электр қуатымен де толық қамтамасыз етілген. Денсаулық сақтау саласында өткен жылы 1 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт жаңадан салынып пайдалануға берілді. Асықата кентінен және Жаңаауыл ауылдық округінен жеке инвестор есебінен медициналық орталықтар салынды» – деді Серік Үсенұлы.
_____
ОБЪЁМ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ ПРОДУКЦИИ ЖЕТЫСАЙСКОГО РАЙОНА ПРИБЛИЗИЛСЯ К 120 МЛРД ТЕНГЕ
Объём валового регионального продукта Жетысайского района по итогам прошлого года составил 267,2 млрд тенге, увеличившись по сравнению с предыдущим годом на 83,6 млрд тенге. В то же время объём продукции в сфере сельского хозяйства по итогам года достиг 119,4 млрд тенге, а объём промышленного производства составил 45,8 млрд тенге. Об этом на брифинге сообщил аким Жетысайского района Серик Мамытов.
«В настоящее время в Жетысайском районе реализуются 12 инвестиционных проектов. В посёлке Асыката на территории площадью 59 гектаров создана индустриальная зона “Жетысай”, полностью обеспеченная инженерной инфраструктурой. В текущем году на данной территории планируется строительство 12 инвестиционных проектов общей стоимостью свыше 45 млрд тенге. Среди них — завод ТОО “АГРО СҮТ” по переработке 3 тыс. тонн молока в год стоимостью около 15,3 млрд тенге, фабрика ТОО “TST JETYSAY TEXTIL” по производству 7,5 тыс. тонн пряжи в год стоимостью 13,6 млрд тенге, а также предприятия по переработке 50 тыс. тонн хлопка в год. Объём инвестиций в основной капитал в 2024 году составил 39,5 млрд тенге, а в 2025 году в район было привлечено 46,8 млрд тенге. Рост составил 118,4%», — отметил глава района.
В целом основную долю экономики района составляет сельское хозяйство. В сфере развития агропромышленного комплекса функционируют около 10 тысяч крестьянских хозяйств. В прошлом году сельскохозяйственные культуры были посеяны на площади 79,3 тыс. гектаров. В целях увеличения объёма продукции 321 крестьянское хозяйство реализовало проект по получению двух урожаев в год на площади 1 500 гектаров. В районе действуют 783 канала и 217 коллекторно-дренажных систем, обеспечивающих подачу воды на сельскохозяйственные угодья. В прошлом году на площади 5 646 гектаров была внедрена технология капельного орошения.
«В рамках программы “Школы будущего” в районе построены три школы. В 2024 году завершено строительство и введена в эксплуатацию школа на 900 мест в посёлке Асыката, в 2025 году — школа на 600 мест в сельском округе Ынтымак. В городе Жетысай завершается строительство школы на 1 500 мест. Кроме того, за последние три года жильём были обеспечены 240 жителей. Также за счёт частного инвестора завершено строительство двух кредитных жилых домов на 32 квартиры каждый (всего 64 квартиры). В части обеспечения инфраструктурой из 105 населённых пунктов района 92 обеспечены системой природного газа (87,6%). По сравнению с показателями трёхлетней давности уровень газификации населённых пунктов увеличился на 34,2%. За счёт средств Национального фонда, областного и местного бюджетов за последние три года был проведён средний ремонт автомобильных дорог протяжённостью 183 километра. На сегодняшний день доля районных дорог в хорошем и удовлетворительном состоянии составляет 84,4%. В текущем году планируется провести средний ремонт 56 улиц общей протяжённостью 43,1 километра. Все 105 населённых пунктов, относящихся к городу, посёлкам и сельским округам, полностью обеспечены централизованным водоснабжением. Район также полностью обеспечен электроэнергией. В сфере здравоохранения в прошлом году были построены и введены в эксплуатацию одна врачебная амбулатория и шесть фельдшерско-акушерских пунктов. В посёлке Асыката и сельском округе Жанааул за счёт частных инвесторов построены медицинские центры», — сообщил Серик Усенулы.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1154251?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *