
Бүгін Шардара ауданы әкімдігінде, аудан әкімінің орынбасары Б.Туребековтің төрағалығымен Конституциялық реформаны халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы мен мамандары. Сондай-ақ Шардара ауданына қарасты қала және ауылдық округтердегі БАҚ саласына жауапты мамандар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі А.Оспанов баяндама жасап, БАҚ саласы бойынша жұмыстардың кемшіліктері мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөнінде айтты.
Іс-шара барысында жаңа конституция жобасына енгізілген негізгі өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының басым бағыттары айқындалды. Сонымен қатар, бекітілген жоспар шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шараларды сапалы әрі уақтылы орындау мәселелері талқыланды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1155063?lang=kk

Добавить комментарий