Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Өнерім саған, туған ел» атты мәдениет қызметкерлерінің есеп беру концерті өтті.
Шараға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров, Ленгір қаласының әкімі Мақсат Джумабаев арнайы қатысты.
Концертке келген қонақтарды аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Данагүл» хор ұжымының әжелері жылы лебіздері мен әсем арнау әнімен қарсы алды.
Кеш барысында өнерпаздар көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, барлық шығармалар жанды дауыста орындалды. Өнер мен шынайылық үйлескен бұл кеш көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1154415?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ