
Дүниежүзілік сайлау күніне орай баяндама жасалды.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Конституциядағы сайлау құқықтары» тақырыбында аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы «Жас сайлаушылар клубы» мүшелеріне баяндама жасалды.
Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен енгізілген. Атаулы күннің негізгі мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоральдық белсенділігін арттыру, сондай-ақ жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген оң көзқарасты қалыптастыру.
Биыл 5 ақпанға сәйкес келетін Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту мақсатында Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен он күндік іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспар аясында бүгін аудандық жастар ресурстық орталығында «Конституциядағы сайлау құқықтары» тақырыбында баяндама жасалды.
Іс-шара барысында Маңғыстау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Л.Жонасов аталған мерекемен қатысушыларды құттықтап, өз баяндамасын жасады. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-mangistau-rayon/press/news/details/1154776?lang=kk

Добавить комментарий