Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
Құрметті кәсіпкерлер мен құрылыс салушылар!
Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан қала аумағындағы құрылыс нысандарына тұрақты бақылау және зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласы, Шымкент тас жолы көшесі, №22 мекенжайында орналасқан нысаналы мақсаты мейрамхана, сауда орны және құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету құрылысы үшін берілген жер теліміндегі нысан бойынша Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен бекітілген жобадан ауытқып салынған құрылыс бөлігін бұзу туралы шешім қабылданған.
Атап айтқанда, бекітілген жобаға сәйкес ашық алаңша (терасса) ретінде қарастырылған 5-қабаттағы бөліктің рұқсатсыз тұрғын бөлме ретінде салынғаны анықталып, сот шешімімен жауапкердің өз есебінен мәжбүрлеп бұзылуда.
Бұл жағдай құрылыс жұмыстарын тиісті рұқсат құжаттарынсыз немесе жобадан ауытқып жүргізудің салдары қандай болатынын нақты көрсетеді.
Осыған байланысты кәсіпкерлерге құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес барлық рұқсат құжаттарын толық рәсімдеуді ескертеміз.
Жер теліміне құқық белгілейтін құжаттар, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, эскиздік жоба, жобалау-сметалық құжаттама және тиісті сараптама қорытындысы — міндетті талаптар.
Сәулет бөлімі кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға, құрылыс жұмыстарын бекітілген жобаға сай жүргізуге және қала сәулеттік келбетін бұзбауға шақырады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1153302?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version