«Дүниежүзілік сайлау күні: сайлаушы сенімі – басты назарда»

Опубликовано:

Автор:

в категории

Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Есейхан ауылы, Қаратау орта мектебінде «Мен және менің таңдауым» тақырыбы бойынша викториналық ойын өткізілді.
№408 учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен викториналық ойынға болашақ жас сайлаушылар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға сайлаудың маңыздылығын түсіндіру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді тұлға тәрбиелеу.

Шара барысында оқушыларға сайлау тарихы, дауыс беру тәртібі, бойынша сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар, сайлаудың қоғамдағы рөлі, әділдік пен ашықтық қағидаттары түсіндірілді. Оқушылар тақырып аясында өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1153156?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *