
Баспасөз хабарламасы
А. Ертаев жаңа ҚР Конституциясы жобасындағы негізгі өзгерістерді талқылау бойынша кеңес өткізді
А.Ертаев ҚР жаңа Конституциясы жобасындағы негізгі өзгерістерді талқылау жөнінде кеңес өткізді.
2026 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасындағы негізгі өзгерістерді талқылауға арналған онлайн форматтағы кеңес өтті.
Іс-шараға әлеуметтік серіктестер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық кеңесі мен Үйлестіру кеңесінің мүшелері, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің ұжымы қатысты.
Өз сөзінде Асқарбек Ертаев жаңа Конституция елдің ұзақ мерзімді дамуына бағдарланғанын және оның өзегінде адам мен оның әл-ауқаты тұрған әлеуметтік жауапты мемлекеттің заманауи моделін қалыптастыратынын атап өтті.
Министр әлеуметтік саясаттың рөліне ерекше назар аударып, оның Ата заң жобасында мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылатынын айтты.
«Конституция мемлекетке халықтың әл-ауқатын арттыру міндетін жүктейді. Әлеуметтік саясат қосалқы емес, стратегиялық бағыт ретінде айқындалады», – деді Асқарбек Ертаев.
Ведомство басшысы сондай-ақ Қазақстанның дамуы адами капиталдың сапасымен тікелей байланысты екеніне назар аударып, бұл еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына толық сәйкес келетінін жеткізді.
«Елдің болашағы адами капиталдың сапасымен байланысты. Біз басты ресурс ретінде адамды алға қоятын даму моделіне көшудеміз», – деп атап өтті министр.
Кеңес барысында азаматтардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейтудің маңыздылығы да ерекше аталды. Асқарбек Ертаевтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.
Кеңеске қатысушылар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға, сондай-ақ адам мен оның әлеуетіне бағытталған орнықты даму моделін қалыптастыруға берік негіз қалайтынын атап өтті.
Пресс-релиз
3 февраля 2026 года под председательством Министра труда и социальной защиты населения РК Аскарбека Ертаева состоялось совещание в онлайн формате, посвященное обсуждению ключевых изменений в проекте новой Конституции Республики Казахстан.
В мероприятии приняли участие социальные партнеры, представители неправительственных организаций, члены Общественного совета и Координационного совета Министерства труда и социальной защиты населения РК, а также коллектив Департамента государственной инспекции труда по Акмолинской области.
В своем выступлении Аскарбек Ертаев подчеркнул, что новая Конституция ориентирована на долгосрочное развитие страны и формирует современную модель социально ответственного государства, в центре которой находится человек и его благополучие.
Особое внимание министр уделил роли социальной политики, которая в проекте Основного закона рассматривается как одно из ключевых направлений государственной деятельности.
«Конституция закрепляет обязанность государства повышать благосостояние народа. Социальная политика рассматривается как стратегическое направление, а не вспомогательная функция», – отметил Аскарбек Ертаев.
Глава ведомства также акцентировал внимание на том, что развитие Казахстана напрямую связывается с качеством человеческого капитала, что полностью соответствует приоритетам государственной политики в сфере труда, занятости и социальной защиты.
«Будущее страны связывается с качеством человеческого капитала. Мы переходим к модели развития, где главным ресурсом является человек», – подчеркнул министр.
Отдельно в ходе совещания была отмечена значимость усиления правовых механизмов защиты граждан. По словам Аскарбека Ертаева, проект новой Конституции предусматривает расширение возможностей граждан по защите своих прав и законных интересов.
Участники совещания отметили, что предлагаемые конституционные изменения закладывают прочную основу для укрепления социальной справедливости, повышения уровня защиты трудовых и социальных прав граждан, а также формирования устойчивой модели развития, ориентированной на человека и его потенциал.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1154016?lang=kk

Добавить комментарий