Қызылорда облысы Қармақшы ауданы бойынша дәріханаларда
дәрі-дәрмек бағаларына жүргізілген қоғамдық бақылау
жұмыстары жайлы
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 2 қазандағы «Қоғамдық бақылау туралы» № 30-VIII ҚРЗ Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің 05.01.2026 жылғы «Дәрілер бағасына қоғамдық бақылау жүргізу туралы» № 04-24/11 хатына сәйкес, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңесі мүшелерінен құрылған Қоғамдық бақылау тобымен 2026 жылғы 21-28 қаңтар күндері аралығында Жосалы кенті орталығында орналасқан «Шапағат» ЖШС №26 дәріхана, «Аптечка Жосалы» «Lab Service company» ЖШC, «Ансар» “Lab Service company” ЖШC, ЖК Кенебаева Тұрсынай, ЖК «Хамидова Балымша», ЖК «Назира Тұрсынбекова» дәріханаларына және III-Интернационал ауылдық округіндегі ЖК «Береке» Медетов Мақсатбек дәріханасына, осымен қатар және Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде орналасқан «Сыпайы фарм» ЖШС Муханова Алмагул, «Нагира» дәріхана Уайсова Нагира Кунтуаровна, «DUOFARM» дәріхана Абулгазинова Айман, ЖК «РС фарм» Тлеулесов Серик Казакбаевич, ТОО «AKNIET GROUP» дәріханаларында жазбаша келісімдері бойынша дәрілердің жаңа шекті бағасына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Жосалы кентінде орналасқан ЖК «Зейнуллаева» және ТОО «Гулфариза» дәріханалары қоғамдық бақылау жасауға рұқсат берген жоқ.
Жоғарыда аталған қоғамдық бақылау жасауға келісім берген дәріханаларда дәрі-дәрмектің жаңа шекті бағасына қоғамдық бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік маңызы бар препараттарға бағаның төмендетуі мұқтаж азаматтар үшін экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуде ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралары жайлы түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.
Қоғамдық бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен дәрілік заттардың шекті бағасынан бағаның қымбат болу фактілері кездескен жоқ.
Төраға: Ә.Құлдүйсенов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karmakshy/press/news/details/1150903?lang=ru

Добавить комментарий