АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың көтерген мәселелерін тыңдады. Қабылдау барысында жауапты сала басшыларымен бірлесіп, түйткілді мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй алу, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту салалары бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша өтініш иесіне бос жұмыс орны ұсынылды. Ал тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға №4 мөлтекауданда салынып жатқан 60 пәтерлі тұрғын үйдің алдағы уақытта пайдалануға берілетіні айтылды.
Арман Романұлы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілуін жеке бақылауына алды. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, бірқатар мәселе сол мезетте оң шешімін тапты.
Аудан басшысы мұндай жеке қабылдаулар тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға, олардың мәселелерін жедел әрі тиімді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1151318?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version