👨💼 Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің инспекторы, еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Али Мейрманович Арапов департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.
📝 Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндеттері:в
•Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды жеке қабылдау арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
•Мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптарын сақтау және қызметтік әдеп нормалары бойынша консультациялық көмек көрсету;
•Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен ұсыныстарын қарау.
📅 Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Али Мейрманович Арапов азаматтарды әр аптаның сейсенбі күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін жеке қабылдайды.
☎️ Жеке қабылдауға жазылу үшін: 8 771 495 30 94
📍 Мекенжайы: Қонаев қаласы, 5-ықшам ауданы, 53/1 ғимараты
Азаматтардың жеке қабылдауға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтініштерді «Онлайн-қабылдау» форматында жолдау мүмкіндігі қарастырылған.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbek/press/news/details/1151305?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ