Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы ТҚК жұмысына әдістемелік- тәжірибелік көмек көрсетуге қатысты

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ағымдағы жылдың 7 қазан күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында терроризмге қарсы комиссиясы шеңберінде облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген жоспарға сәйкес әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкерлері және облыс әкімдігі аппаратының терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бас инспекторының қатысуымен жұмыс тобы отырысы өткізілді.
Жиналысқа терроризмге қарсы комиссияның мүшелері, аудан әкімі, орынбасары, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.
ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы департаменті қызметкерінің тарапынан, әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында, хаттамалық тапсырмаларға мерзім қою, орындалуын қатаң бақылау, ДДА мүшелерімен кездесу жоспарын бекіту, теологтардың штат бірліктері мәселесін шешу жұмыстарына жан-жақты тоқталып, шешімін табу жолдары көрсетілді.
Сонымен бірге, ішкі саясат тілдерді дамыту бөлімінің маманын қарсы насихат, ақпараттық түсіндіру бойынша облысқа іссапарға жіберу, ауданда діни экстремизм бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан әрі жетілдіру және бақылау жөнінде ұсыныстар айтылды.
Жиналыс қортындысы бойынша қатысушыларға аудан аумағында діни ахуалдың жәй-күйіне аса назар аудару, діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдар мен аудан әкімдігіне іс-қимылын күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

 

Материал ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша

департаменті ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1097001?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version