
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров Достық ауылындағы «Келешек жайлы мектеп» жобасы аясында құрылған №10 жалпы білім беретін мектепке арнайы барып, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Мекеменің техникалық қызметкерлерімен кездесіп, олардың еңбегіне ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, аулаға ағаш отырғызу ісіне де өзі атсалысып, үлгі көрсетті. 
Осы игі іс арқылы мектеп ұжымына және оқушыларға табиғатты аялаудың маңызын ұғындырып, таза әрі көрікті орта қалыптастыруға үлес қосты.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1096277?lang=kk

Добавить комментарий