
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Құтқарушылар күніне және еліміздегі төтенше жағдайлар қызметінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бұл айтулы күн – өз өмірін қатерге тігіп, өзгенің амандығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген батыл да қайсар құтқарушылардың абыройлы қызметін дәріптейтін мерейлі мереке.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихаттың депутаты Исағали Аширбеков, сондай-ақ сала ардагерлері мен қызметкерлер қатысты.
Салтанатты жиында мәслихат төрағасы құтқару қызметінің қоғамдағы маңыздылығын атап өтіп, ел игілігі жолындағы адал еңбектері үшін алғысын білдірді.
Іс-шара барысында сала қызметкерлеріне Төтенше жағдайлар министрлігінің марапаттары мен мерекелік төсбелгілері, сондай-ақ аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың Алғыс хаттары табысталды.
Қай уақытта да адам өмірін құтқару – ең асыл парыз.

Осы жауапты да құрметті міндетті абыроймен атқарып жүрген барлық құтқарушыларға зор денсаулық, бейбіт өмір мен жаңа жетістіктер тілейміз! 

 Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
 Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1096275?lang=kk

Добавить комментарий