АДАМ ӨМІРІ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ!

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Құтқарушылар күніне және еліміздегі төтенше жағдайлар қызметінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бұл айтулы күн – өз өмірін қатерге тігіп, өзгенің амандығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген батыл да қайсар құтқарушылардың абыройлы қызметін дәріптейтін мерейлі мереке.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихаттың депутаты Исағали Аширбеков, сондай-ақ сала ардагерлері мен қызметкерлер қатысты.
Салтанатты жиында мәслихат төрағасы құтқару қызметінің қоғамдағы маңыздылығын атап өтіп, ел игілігі жолындағы адал еңбектері үшін алғысын білдірді.
Іс-шара барысында сала қызметкерлеріне Төтенше жағдайлар министрлігінің марапаттары мен мерекелік төсбелгілері, сондай-ақ аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың Алғыс хаттары табысталды.
Қай уақытта да адам өмірін құтқару – ең асыл парыз.❤️
Осы жауапты да құрметті міндетті абыроймен атқарып жүрген барлық құтқарушыларға зор денсаулық, бейбіт өмір мен жаңа жетістіктер тілейміз! ✨
 
©️ Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1096275?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *