Бүгін, 25 қазан – Республика күні қарсаңында, Алмаз ауылында жаңа ветеринариялық пункттің ашылу салтанаты өтті.
Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Бралиев Абзал Серікұлы, Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов ветеринария саласының маңыздылығын атап өтіп, мамандардың ауыл шаруашылығын дамытудағы еңбегіне жоғары баға берді.
Жұмысшылар жылы аясында өз міндетін абыроймен атқарып, нысанды уақытылы әрі сапалы орындаған «Акулова Ж.А.» жеке кәсіпкерлігі аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар жаңа нысанның ашылуына қуанып, өз ризашылықтарын білдірді.
Биыл Шыңғырлау ауданында:
Бұл нысан ауыл шаруашылығын дамытуға, малдың саулығын бақылауға және жұқпалы аурулардың алдын алуға үлкен мүмкіндік береді.
Шара соңында аудан өнерпаздары музыкалық бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/1094113?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ