
АҚШ-тың Миннесота штатында өткен керлингтен барлық құрлықтағы елдерді қамтитын чемпионатта (Pan Continental Championships) ерлеріміз және аруларымыз В дивизионында бақ сынады.
Ерлер құрамасы:
Абылайхан Жүзбай (скип), Әділ Жұмағожа, Айдос Алиар, Дмитрий Гарагул, Ибрагим Тастемір.
Қарсыластарымыз: Бразилия, Тайпей, Гайана, Гонконг, Үндістан, Мексика, Нигерия, Пуэрто-Рико, Сауд Арабиясы, Таиланд.
Жігіттеріміз топтық кезеңде 9 жеңіс және 1 жеңіліс тіркеп, 1-орынға ие болды. Жартылай финалда Гайанадан 10:7 есебімен басым түссе, финалдық тартысты ойында Гонконгтан 9:10 есебімен есе жіберді.
Әйелдер құрамасы:
А дивизионындағы 9 елдің арасында Қазақстан әйелдер құрамасы да бар. Қазақстан құрамасының ойыншылары: Ангелина Эбауер (Скип), Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Пеняева, Кристина Рахманова;
Қарсыластарымыз: Бразилия, Тайпей, Гонконг, Филиппин, Пуэрто-Рико, Таиланд.
Аруларымыз топтық кезеңде 4 жеңіс, 2 жеңіліс тіркеп, 2-орынға ие болды.
Жартылай финалда Пуэрто-Риконы 11:4 есебімен ұтқанымен, финалда Филиппинге 2:11 есебімен жол берді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1093666?lang=kk

Добавить комментарий