Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Шардара қаласы №2 шағын ауданда орналасқан «Еңбекшілер» саябағында күзгі ағаш көшеттері отырғызылды.
Шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев қатысып, ағаш көшетін отырғызды. Акцияға аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер де белсене атсалысты.
Аталған саябақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тікелей бастамасымен және демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан жоба нәтижесінде бой көтерді.
Бұрын қоқыс бейберекет төгілетін бұл аумақ бүгінде заманауи талаптарға сай көрікті қоғамдық демалыс орнына айналып, тұрғындардың сүйікті тынығу аймағына айналып отыр.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1093532?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ