
Бүгін Шардара ауданында Республика күніне арналған Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, аудан әкімінің орынбасары мен ақсақалдар кеңесінің төрағасы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді
.
«25 қазан — Республика күні құтты болсын! Еліміздің болашағы жарқын, керегесі бекем болғай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: “Республика күні – елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек”, – деп атап көрсетті. Әлемдік тарих толқынында өзін Тәуелсіз Ел ретінде орнықтырған халқымыздың татулығы мен бірлігі – басты құндылығымыз. Еліміздің жеткен жетістіктері мен биіктері осы бірліктің жемісі. Мерейлі мереке сәтінде сіздерге еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, кемел келешек жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін», – деді Б.Төребеков.
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, патриоттық әндер орындалды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1093533?lang=kk

Добавить комментарий