«ШАРДАРА МАРАФОН–2025» СПОРТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Шардара марафон–2025» мектеп оқушылары арасындағы жүгіру жарысы өтті. Спорттық шара Абай көшесінен бастау алып, орталық стадионға дейін жалғасты.
 
Марафонның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
 
«Құрметті марафонға қатысушылар! Сіздерді 25 қазан – Республика күні мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі шара – жастардың белсенділігі мен спортқа деген қызығушылығын көрсетуге тамаша мүмкіндік. Салауатты өмір салтын ұстану, спортқа бейім болу – әрқайсымыздың басты міндетіміз. Жарыста барлығыңызға сәттілік тілеймін!»-деді Б.Төребеков
 
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында:
• 1 орын – Нұрбек Сәрсенбай,
• 2 орын – Атырау Амангелді,
• 3 орын – Бақдәулет Құдайберген;
 
қыздар арасында:
• 1 орын – Арайлым Убайдулла,
• 2 орын – Райса Тұрғанбай,
• 3 орын – Шапағат Тәуекел жүлдегер атанды.
 
Жеңімпаздарға медальдар, мадақтамалар және бағалы сыйлықтар табысталды.
 
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1093534?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version