Республика күні құтты болсын!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Құрметті  отандастар!

Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны деп білемін.

Республика күні біздің еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамдарымыздың жарқын символы!

2022 жылғы қыркүйектегі ҚР Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, «25 қазан – Республика күні» ұлттық мерекесі болып белгіленді.

Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Тарихи әрі идеологиялық мән-маңызы зор, тәуелсіз еліміздің ұлық мерекесі баршаңызға игілік, бақ-дәулет, ырыс-несібе әкелсін!

Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында әрбіріңіздің еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаңыз сәтті болсын! Мереке құтты болсын!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-salkynkol/press/news/details/1093504?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version