ШАРДАРАДА КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін аудандық мәдениет сарайында 24 қазан – Кітапханашылар күні салтанатты түрде аталып өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, кітапхана саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен және алдағы 25 қазан – Республика күнімен құттықтады.
«Құрметті кітапханашылар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер қоғамды білім мен парасаттылыққа бастайтын жолда, жастарды ұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеуде, оқырман мен кітап арасын байланыстырып, ауданымыздың идеологиялық бағыттарын қолдау ісінде өлшеусіз еңбек етіп келесіздер. Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға амандық және толағай табыс тілеймін!», – деді Бейсенбай Төребеков.
Салтанатты жиында бірқатар кітапхана қызметкерлеріне «ҚР Құрметті кітапханашысы» медалі, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтары табысталды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1093386?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *