Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Баршаңызды еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы арманын жүзеге асырған, егемен ел болу жолындағы ұмтылысының символы. Республика күні – тәуелсіздіктің бастауы, азат ой мен ел бірлігінің мерекесі.

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған тұлғаларға және ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызға алғыс айтамын. Өйткені Тәуелсіздік – өткеннің естелігі ғана емес, ол – бүгінгі еңбегіміз бен ертеңгі ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің кепілі.

Қосшы қаласы қарқынды дамып келеді. Жаңа мектептер мен әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылым жүйелі түрде жаңартылуда. Қосшы – бүгінгі таңда жаңа мүмкіндіктердің, еңбек пен бірліктің қаласына айналып келеді.

Бұл жетістіктер – сіздердің қолдауларыңыз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыздың жемісі.

Республика күні – елдігіміздің, бірлігіміздің, татулығымыздың белгісі. Береке-бірлігіміз нығайып, еңсеміз әрдайым биік болсын! Еліміздің абыройы асқақтап, Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, амандық тілеймін!

Мереке құтты болсын! 

 Құрметпен, Қосшы қаласының әкімі Азамат Есімұлы

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1093303?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version