25 қазан – Республика күні!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді ұлтымыздың ұлы мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойғы арман-тілегі жүзеге асып, тәуелсіз мемлекет болуға алғашқы қадам жасаған тарихи сәтті еске салатын қасиетті мереке.
1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация – егемен ел болуға бастау болып, тәуелсіздікке жол ашқан тағдырлы құжат еді.

Бүгінгі Қазақстан – өз бағыты айқын, болашағына нық сеніммен қадам басқан ел. Мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрқайсымыз ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің сақталуына, жас қаламыздың өркендеуіне өз үлесімізді қосайық.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Отанымыздың көк туы әрдайым биікте желбіреп, елімізде бейбітшілік пен ынтымақ салтанат құра берсін!

Республика күні құтты болсын!
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!

Құрметпен,
Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Қуатбеков Әлихан Жұмаханұлы

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1093301?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *