Азаматтық қорғау саласында оқытудың және білімді насихаттаудың инклюзивті әдістерін енгізу мақсатында Алматы қаласы ТЖД халықты оқыту және даярлау орталығына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі Меруерт Құлахметова келді.
Сапар барысында кеңесшіге заманауи оқу сыныптары, көрме залдары, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетудің практикалық сабақтары бойынша мамандандырылған кабинеттер көрсетілді.
Меруерт Құлахметова мамандардың дағдыларын үнемі оқытусыз және жетілдірусіз азаматтық қорғау жүйесін дамыту мүмкін еместігін атап өтті.
Соңында Министрдің кеңесшісі жаңа орталықтың қызметі инклюзивті халықтың дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1093222?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ