«25 Қазан – Республика күні»

Опубликовано:

Автор:

в категории

Құрметті әріптестер, жерлестер!

Сіздерді ұлтымыз үшін аса қастерлі «25 Қазан – Республика күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет ретінде өз таңдауын жасап, тарихи жауапкершілікті мойнына алған, дербестігін әлемге жария еткен айтулы сәт. Республика күні – халқымыздың мәңгілік мұратын айқындаған, жаңа дәуірге бет бұрғызған елдік пен егемендіктің нышаны.

Бүгінгі ұрпақ сол егемендіктің шарапатын сезініп, еркін білім алып, тәуелсіз елдің көк байрағы астында тәрбиеленіп келеді. Бұл жолда сіздердің – ұлт ұстаздарының еңбегі ерекше. Сіздердің жас ұрпаққа берген тәлім-тәрбиелеріңіз, сапалы білімдеріңіз – ертеңгі кемел келешектің кепілі. Сіздер арқылы Отанға деген сүйіспеншілік, елжандылық, рухани байлық бойға дариды.

Осы мерекелі күнде баршаңызға мықты денсаулық, қажымас жігер, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігі тұғырлы, бірлігіміз берік, тірлігіміз тұрақты болсын!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
С.Дауытбаева

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-roo/press/news/details/1093022?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version