
2025 жылғы 22 қазанда Бәйтерек ауданы, Достық ауылында «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген Достық жалпы орта білім беретін мектебінің салтанатты ашылуы өтті.
🔹 Салтанатты жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, ардагер ұстаз Абылхаликова Халуа Ықыласқалиқызы, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер ұйым – «Алтим» ЖШС-нің бас директоры Оралбай Жангереев, «AMANAT» партиясының депутаттары қатысты.
🔸 Облыс әкімі өз сөзінде бұл мектеп – өңірде “Келешек мектебі” жобасы аясында ашылған 5-ші мектеп екенін атады. Жоба жалғасын тауып, тағы 4 жаңа мектеп пайдалануға берілетінін жеткізді.
📌 Ашылу салтанатында:
— Облыс әкімі мен ардагер ұстаз лентаны қиып, жаңа нысанның ресми ашылғанын жариялады;
— Қонақтар жаңа ғимаратпен танысып, оқу кабинеттері мен инфрақұрылымына оң бағасын берді;
— Мектеп ауласында облыс әкімі сыйға тартқан 100 түп тал 1- сынып оқушыларымен бірге егіліп, “Білім аллеясы” бой көтерді. “Келешек мектептің” ашылуында 1-сынып оқушылары еккен талдар олармен бірге өсіп, биіктеп, тамыр жайғандай, балалар да жыл сайын біліммен сусындап, кемел болашаққа қарай қанат қағады.
🏫 Жаңа мектеп:
– 1200 оқушыға арналған;
– 70 оқу кабинеті, 3 спортзал, STEM-зертхана, ІТ сынып, хореография залы, кітапхана, 300 орындық асхана мен акт залы, бейнелеу және технология кабинеттерімен жабдықталған;
– Ашық алаңда балаларға арналған ойын алаңы, футбол, баскетбол және жүгіру жолдары бар.
📚 Бұл – ауылдағы жас ұрпаққа сапалы білім мен заманауи мүмкіндіктер ұсынатын үлкен серпіліс.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1092009?lang=kk

Добавить комментарий