Заң күзетінде: ТЖД сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын талқылады

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025 жылғы 21 қазанда Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде объектілерде тексеру жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараның спикері болып Павлодар облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің аға прокуроры-Амангелдинов Алмат Талғатұлы сөз сөйледі.

          Кездесу аясында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс қаралды, сондай-ақ инспекторлық құрамның жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жолдары талқыланды. Бұзушылықтардың ерте алдын алу тетіктеріне, қызметтік этиканы сақтау және объектілерде тексеру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде заңнама нормаларын мүлтіксіз орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

          Мұндай кездесулер Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананың жоғары деңгейін қалыптастыруға ықпал ететін жүйелі профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігіне айналады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1091283?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *