
ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНДА ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында гала-концерт өтті. Ұлы сазгер, «Вальс королі» Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл, Халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекованың туғанына 75 жыл, сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл толуына орай «Құт мекенім – Отырар» атты мерекелік гала-концерт ұйымдастырылып, ән кеші көпшілікке қуаныш сыйлады.
Салтанатты жиында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихаттың төрағасы Уәлихан Ұзақов тұрғындар мен қонақтарды мерейтоймен құттықтап, Отырар өңірінің дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Мерекелік шараны Жанатбек Бәйтеков пен Ақбота Нұр жүргізді. Мерекелік концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев, эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербек, Мархаба Сәби, Қуандық Рақым, Дана Кентай, Әділет Жауғашар және «Alatau voice» квартеті өнер көрсетті. Кеш соңында қалың көрермен мерекелік от шашуды тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В ЧЕСТЬ 90-ЛЕТИЯ ОТРАРСКОГО РАЙОНА СОСТОЯЛСЯ ГАЛА-КОНЦЕРТ
В рамках празднования 90-летия Отрарского района состоялся гала-концерт. В честь 95-летия со дня рождения великого композитора, “короля вальса” Шамши Калдаякова, 75-летия со дня рождения народного поэта, кавалера ордена “Парасат” Асельхан Калыбековой, 75-летия со дня рождения сатирика, лауреата Международной литературной премии “Алаш” Копена Амирбека был организован праздничный гала-концерт “Құт мекенім – Отырар”, который принес радость публике.
На торжественном собрании аким района Кайрат Жолдыбай и председатель районного маслихата Уалихан Узаков поздравили жителей и гостей с юбилеем и наградили граждан, внесших вклад в развитие Отырарского региона. Праздничное мероприятие провели Жанатбек Байтеков и Акбота Нурабаева. В праздничном концерте приняли участие заслуженный деятель Казахстана Мейрамбек Бесбаев, звезды эстрады Газизхан Шекербек, Мархаба Саби, Куандык Рахим, Дана Кентай, Адилет Жаугашар и квартет “Alatau voice”. В конце вечера широкая публика наслаждалась праздничным зажиганием и веселилась.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1089477?lang=kk

Добавить комментарий