ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 18 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫСЫ «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАДЫ
28 қазанда Түркістан облысында республикалық «IQanat» Олимпиадасының І туры өтеді. Аталған сайысқа өңірдегі ауыл мектептерінің 18 мыңнан астам баласы қатысады.
«IQanat» Олимпиадасының І туры ең ынталы оқушыларды іріктеуге бағытталған. Бұл кезеңде – оқушылар математикалық және оқу сауаттылығын, логикалық ойлау мен қазақ тілін білуін бағалайтын кешенді тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, тур аясында оқушыларды білім алуға, дамуға және өз мақсаттарына қол жеткізуге шабыттандыруға бағытталған ынталандыру кездесулері болады.
Бұл олимпиадаға республика бойынша 63 мыңнан астам оқушыл қатысады. Үш турдан өтетін Олимпиада жеңімпаздары Бурабайдағы «IQanat» мектеп-пансионатына тегін оқуға түседі немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасына тегін қабылданады. Оның аясында балалар ҰБТ, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалып, ағылшын тілін, ІТ дағдыларды, «Soft skills», кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.
Жүйелі академиялық қолдаудың арқасында «IQanat» бағдарламасының қатысушыларының 94%-ы Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттеріне грантпен оқуға түседі. Бүгінде «IQanat» түлектері әлемнің 19 елінде білім алып жатыр.
Бұл жобаға еліміздегі 240 кәсіпкер қолдау көрсетеді. Олимпиаданы ұйымдастыру арқылы Қазақстан ауылдарындағы талантты балалардың білім алу жолындағы қаржылық және әлеуметтік кедергілерді жоюға атсалысады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
БОЛЕЕ 18 ТЫСЯЧ УЧАЩИХСЯ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРИМУТ УЧАСТИЕ В ОЛИМПИАДЕ “IQANAT”
28 октября в Туркестанской области пройдет I тур республиканской олимпиады “IQanat”. В данном конкурсе примут участие более 18 тысяч детей сельских школ региона.
I тур олимпиады “IQanat” направлен на отбор наиболее мотивированных учащихся. На данном этапе – учащиеся проходят комплексное тестирование, оценивающее математическую и читательскую грамотность, логическое мышление и знание казахского языка. В рамках тура также будут проводиться стимулирующие встречи, направленные на то, чтобы вдохновить учащихся на обучение, развитие и достижение своих целей.
В этой олимпиаде примут участие более 63 тысяч школьников по всей республике. Победители Олимпиады в трех турах поступят на бесплатное обучение в школу-пансионат “IQanat” в Боровом или будут зачислены на трехлетнюю программу сопровождения после Олимпиады бесплатно. В ее рамках дети активно станут готовятся к международным экзаменам, освоят английский язык, IT-навыки, “Soft skills”, основы предпринимательства.
Благодаря системной академической поддержке 94% участников программы “IQanat” поступают на грант в ведущие университеты Казахстана и зарубежья. Сегодня выпускники “IQanat” обучаются в 19 странах мира.
Данный проект поддержат 240 предпринимателей страны. Организация Олимпиады способствует устранению финансовых и социальных барьеров на пути обучения талантливых детей в селах Казахстана.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1088225?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ